Жұмыс тобында бір, мұнда келіп екі сөйлейсіз – Базарбек Әмринді қатаң сынға алды (ВИДЕО)
Мәжілістің бүгінгі отырысында депутат Бақытжан Базарбек ұлттық экономика бірінші вице-министір Азамат Әмринді сынға алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Базарбектің айтуынша, Әмрин жұмыс тобында салық кодексі күшіне енген соң жарты жылдың ішінде депутаттардың алдына аналитикалық материалмен келіп, керек болса салық кодексіне түзетуді де ұсынатынын айтқан.
«Қосымша құн салығын төлейтін кәсіпкерлерге төлетпей, төлемейтін кәсіпкерлерге төлеттіріп отырсыздар. Соның бірі авиаотын жағы. Әуе компанияларына жеңілдік жасалса да, олар билет құнын қымбаттатып жатыр. Талдау мен түзетулеріңіз қайда?» – деп сұрады ол.
Бұл сұраққа жауап берген Әмрин авиотынға жеңілдік жасау бастамасын тиісті министрлік көтергенін айтып, оларға тексеру жүргізетінін мәлім етті. Мұны еске салғаны үшін депутатқа алғыс айтты.
Ал алты ай әлі өтпегенін жеткізіп, тек тамызда Құрылтайға жаңа салық кодексіне қажетті түзетулер мен аналитикалық материалдарды алып келуге уәде етті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram