ЖаңалықтарОқиға
Заңсыз алтын өндірмек болған: Бестөбе кенішінде 2 адам қаза тапты
Марқұмдардың бірі – 38 жаста, ал екіншісі – 21 жаста болған
Бестөбе кеніші опырылып, екі ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
«Полиция қызметкерлері, тергеу тобы және құтқару қызметтері оқиға орнына дереу жіберілді. Шұғыл құтқару жұмыстарынан кейін марқұмдардың денелері табылып, жер бетіне шығарылды», – деп хабарлады ведомство.
Степногор полиция бөлімі бұл оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 3-бөлігі (қорғалатын нысанға заңсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.