TOP-2Жаңалықтар

Алты жылға сотталған Жақсылық Омардың ісі: апелляция шешімі шықты

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы орынбасары әрі Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омардың ісі бойынша апелляция шешімі шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы шешімді күшінде қалдырды.

Биыл Жақсылық Омар алты жылға сотталған еді. Соттағы соңғы сөзінде Жақсылық Омар соттан бас бостандығынан айырмауды өтініп, айыппұл төлейтінін жеткізген.

ЖАҚСЫЛЫҚ ОМАРДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Жыл басында телеграм-арналарда Жақсылық Омардың ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған. Облыс әкімдігі әуелі оның ұсталғанын растамай, денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысын алғанын хабарлаған еді. Арада бірнеше күн өткеннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омардың ұсталғанын растады. Сотта ол өзіне тағылған айыптарды мойындаған.

Ұсталғанға дейін Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Оның алдында алты жыл бойы Өскемен қаласының әкімі қызметінде болды.

Back to top button