Жаңалықтар

500 тұрғыны бар елдімекенге кент мәртебесі беріледі

Елде кент мәртебесін алу жеңілдейді. Парламент әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы жаңа заң қабылдап, ауылдар мәртебесін анықтау тәртібін өзгертті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Парламент Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы конституциялық заңын қабылдады.

Құжатқа сәйкес, қалалық елдімекендерге барлық деңгейдегі қалалар жатқызылса, елдімекендерге әкімшілік бағынысына қарамастан барлық ауылдар мен кенттер енгізіледі.

Сонымен қатар кент мәртебесін беру талаптары өзгереді. Енді тұрғындары 500 адамнан асатын елдімекендерге кент мәртебесі берілуі мүмкін.

Бұдан өзге, заңда президент, үкімет және мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктер нақтыланған.

Мемлекет басшысы:
1)облыстар мен аудандарды құруға және таратуға;
1)елдімекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қала мәртебесін беруге құқылы болады.

Ал үкімет Президент қарауына ұсыныстар енгізеді. Сонымен қатар министрлер кабинетінің құзыретіне астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың шекарасын белгілеу және өзгерту мәселелері қосылды.

Back to top button