Жаңалықтар

Ақылы жолдан түскен ақшаның бір бөлігі үкімет қарызын жабуға жұмсалуы мүмкін

Елде ақылы жолдан жиналған ақшаның бір бөлігі енді үкімет қарызын жабуға жұмсалуы мүмкін, деп хабарлайды Tizgin.kz 31-арнаға сілтеме жасап.

БАСТАМАНЫ МИНИСТРЛІК КӨТЕРДІ

Мәлім болғандай, ақылы тасжолдардан түсетін табыс мемлекет бұрын жол салуға алған несиелердің пайызын өтеуге бағытталмақ. Аталған бастаманы Қаржы министрлігі көтеріп отыр.

“Билік қазір автомобиль жолдары туралы заңға түзетулер енгізуді қарастырып жатыр. Бұл өзгерістер ақылы жолдардан түскен қаражатты тек сол жол учаскелерін күтіп ұстауға ғана емес, сондай-ақ жолдарды салу, қайта жаңарту және жөндеу үшін мемлекет алған қарыздарды өтеуге де пайдалануға мүмкіндік береді”, – дейді жауапты ведомство.

Бұдан бөлек, жүргізушілер төлейтін ақшаны республикалық және халықаралық маңызы бар, бірақ ақылы жүйеге кірмейтін өзге автомобиль жолдарын салуға жұмсау қарастырылып жатыр.

Back to top button