TOP-2Жаңалықтар

Жетісу облысында қоңыр аю таудағы қонақүйге есігін бұзып кірген (ВИДЕО)

Оқиғаның видеосы желіге тараған еді. Экология министрлігі аталған жағдай «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ-нің Аттапқан шатқалында орналасқан ұзақ мерзімді серіктестік аумағы – «Табиғат ОРХ» ЖШС аумағында тіркелгенін хабарлайды, деп жазады Tizgin.kz.

Тянь-Шань қоңыр аюы адамға сирек шабуыл жасайтын аңдардың қатарына жатады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, аю аталған аумаққа тағам иісіне байланысты келген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Ескерту! Жабайы жануарларды көрген жағдайда оларды тамақтандырмауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, парк аумағында тамақ қалдықтарын қалдырмаңыздар. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!» – делінген хабарламада.

Back to top button