TOP-2Жаңалықтар

Қазақстан тумасы АҚШ-тың Словениядағы елшісі болып тағайындалды

АҚШ Сенаты Әсел Робертсті Словениядағы елші қызметіне бекітті. Қазақстанда дүниеге келген дипломат Конгрестің жоғарғы палатасындағы дауыс беру нәтижесінде қолдауға ие болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Конгрестің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, АҚШ Сенаты Әсел Робертсті Америка Құрама Штаттарының Словениядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындауды мақұлдады. Оның кандидатурасын 46 сенатор қолдап дауыс берсе, 43 сенатор қарсы шыққан.

Sta.si агенттігінің хабарлауынша, Робертстің кандидатурасын ақпан айында АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған. Наурызда ол Сенаттың халықаралық қатынастар комитетіндегі тыңдаудан өтіп, кейін мәселе жалпы дауыс беруге шығарылған.

Конгрестің жоғарғы палатасындағы соңғы дауыс беру алдында процедуралық талқылаулар мен пікірсайыстар өтті. 14 мамырда Сенат кандидатура бойынша дебатты тоқтатуды қолдап, бұл шешім финалдық дауыс беруге жол ашты.

Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Асель Робертс АҚШ-тың Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарады. Ол Вирджиния штатынан ұсынылған.

Back to top button