Жаңалықтар

2026 жылғы Құрбан айт намазының кестесі жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы Құрбан айт намазының ел өңірлері бойынша оқылатын уақытын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Биыл Құрбан айттың алғашқы күні 27 мамырға сәйкес келеді. ҚМДБ бекіткен кестеге сәйкес, ел өңірлерінің басым бөлігінде айт намазы таңғы сағат 06:00-де басталады. Ал кейбір батыс және орталық аймақтарда намаз 06:30-да оқылады.

Фото: ҚМДБ

Діни басқарма жамағатты мешітке алдын ала келуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.

Айт намазынан кейін құрбан шалу рәсімі үш күн бойы жалғасады.

Еске салсақ, бұған дейін ҚМДБ құрбан шалуға арналған арнайы онлайн платформаны іске қосқан болатын.

Back to top button