Биыл Қазақстаннан 11 халықаралық әуе рейсі ашылады
Отандық және шетелдік авиакомпаниялар Қазақстанның халықаралық бағыттарын көбейтіп жатыр.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылы жаңа халықаралық бағыттарды ашу жалғасуда екенін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Қазірдің өзінде 4 жаңа рейс ашылды: Алматы–Шанхай, Астана–Ереван, Атырау–Ташкент, және Ақтау–Ереван. Сонымен қатар, 2026 жылы тағы 11 халықаралық бағытты ашу немесе қайта іске қосу жоспарланып отыр», – дейді Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.
Оның айтуынша, биыл 11 бағытты ашу (немесе қайта бастау) жоспарлануда:
Астана – Ұлан-Батор (Моңғолия),
Астана – Гуанчжоу (Қытай),
Астана – Ларнака (Кипр),
Астана – Ыстықкөл (Қырғызстан),
Алматы – Ларнака (Кипр),
Алматы –Қашғар (Қытай),
Алматы –Токио (Жапония) (қазан-желтоқсан айларында іске қосылады),
Ханой (Вьетнам) – Алматы-Прага (Чехия),
Алматы – Измир (Түркия),
Алматы – Варшава (Польша),
Қостанай – Ташкент (Өзбекстан).
Сонымен қатар, Нью-Йоркке тікелей рейс ашу да жоспарлануда, ол 2027 жылдың сәуір-маусым айларында іске қосылады деп күтілуде.