Футбол тамашалап отырған әйелге доп тиіп, бас-ми жарақатын алды
Жуықта Ақтөбеде өткен “Ақтөбе” мен “Алтай-Өскемен” футбол клубтарының матчы келеңсіз жағдай тіркелді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ЕМ ҚАБЫЛДАП ЖАТЫР
Ойын кезінде трибунаға ұшып шыққан доп ойын тамашалап отырған Ақтөбе тұрғыны Аянай Елтоқованың бетіне тиген.
“Astana TV” ақпаратынша, соққыдан әйел есінен танып, ми шайқалып, бас-ми жарақатын алған. Қазір ем қабылдап жатыр.
“ӨЗ-ӨЗІМЕ ӘРЕҢ КЕЛДІМ”
Өзінің айтуынша, доп тиген соң бірден қан кетті. Сосын басын төмен түсіріп, кейінірек өз-өзіне келді.
– Өз-өзіме стадион жанындағы орындықта отырған кезде әрең келдім. Ауруханаға барғанда көмек көрсетті. Дәрігерлер ауруханаға жатқызу қажеттін айтты. Соңында диагноз ретінде жабық бас-ми жарақаты, жұмсақ тіндердің соғылуы және ауыр дәрежедегі ми шайқалу қойылды”, – деді ол.
Оның сөзінше, қазір бас ауруы мен ұйқысыздық мазалайды. Әйел бұл жағдай стадиондағы қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігінен болған деп есептейді.