ЖаңалықтарҚоғам

Киіз үйлер, ұлттық спорт, ұлттық киім: Бас мүфти Ораза айт қалай өтетінін айтты

Айт күндері «Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында республикалық деңгейде игі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі барша жамағатты айт мерекесін ұлттық киімдерімізді киіп, дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Жыл басында еліміздегі барша дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамамда екі ұлық мейрамдарымыз – Құрбан айт пен Ораза айтты дәстүрімізге сай қоғамдық деңгейде атап өту қажеттігін жеткіздім. Алла қаласа, айт күндері «Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында республикалық деңгейде игі іс-шаралар ұйымдастырылады», – дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Оның айтуынша, айт күндері облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыстар ұйымдастырылады.

«Жер-жерде мәдени-рухани кештер өткізіледі. Осы ретте еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырамын», – дейді ол.

Back to top button