ЖаңалықтарОқиға

Талдықорғанда студенттің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

20 жастағы студенттің өліміне күдікті Талдықорғанда футбол матчын көргеннен кейін ұсталды.

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Мамандандырылған тергеу соты оны алдын ала қамауға алу туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін кешенді және объективті тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бірқатар қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу барысы Жетісу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайды.

«Талдықорғанда 20 жастағы оқушы Жәңгір Нұрланұлы футбол матчын көргеннен кейін көз жұмды. Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, 7 мамыр кешке оның ұлы достарымен футбол көруге барған. Пәтерде шамамен он адамнан тұратын топ болған, оның ішінде 17 жастағы мектеп оқушысы болған. Жас жігіттер арасында дау туындаған. Дау-дамайдан кейін олар сыртқа шығып, кейінірек қайтадан кездескен. Анасының айтуынша, мектеп оқушысы Жәңгірді шақырып, алты рет пышақтаған. Бала алған жарақаттары салдарынан қайтыс болған», – деп жазды блогер Әділ Бейсенбаев Instagram парақшасында.

Back to top button