Жаңбыр, жел, бұршақ: 19-21 мамырға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі алдағы 3 күнде республиканың бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Синоптиктердің болжауынша, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа райы жылы әрі ашық болады. Ал батыс және оңтүстік өңірлер оңтүстік циклондтың ықпалында болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
19 және 21 мамыр күндері Қызылорда, Түркістан облыстарында, ал 19–21 мамыр аралығында Жамбыл облысында қатты жаңбыр күтіледі.
«Температуралық фон айтарлықтай өзгермейді: елдің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы 27–35 градусқа дейін,ал шығыста 20–28 градусқа дейін көтеріледі. 20–21 мамырда еліміздің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайдыү Кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі. 21 мамыр күні күндіз Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 10–18 градусқа дейін төмендейді, ал орталық өңірлерде 15–23 градус шамасында болады», – деп мәлімдеді «Қазгидромет».