TOP-2Жаңалықтар

Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға көлік сыйлады

Балуанның туған өңірінде күрестен үлкен турнир өтті

Абай облысының Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Спортшы өзі шыққан өңір Жарма ауданында грек-рим күресінен үлкен турнир өткізген. Жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнирге әр өңірдің жүздеген жастары келіп, балуан шыққан өңірде бағын сынап көрді.

“Осы жарысты ұйымдастырып келе жатқан менің жерлестеріме үлкен алғысымды білдіремін. Қадірменді жас балуандар, сіздер спорт ішіндегі ең әдемі – грек-рим күресімен шұғылданып жүрсіздер. Біз де кеше сіздер секілді жас болдық. Боз кілемде осылай келіп, кейін әлемдік додаларда биікке жеттік. Оның бәрі еңбектің арқасында келеді. Грек-рим күресіндегі балуанның бойында бүкіл жақсы қасиеттер болуы керек. Сондықтан сіздердің болашақтарыңыз алда!” – деді Дәулет Тұрлыханов.

Аталған дүбірлі додаға Қазақстанның барлық өңірлерінен бөлек, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінен келген спортшылар қатысқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Дәулет Тұрлыханов (@daulet_bolatuly_turlykhanov)


Бұл турнир – Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы, КСРО-ның Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың есімін ұлықтайтын маңызды спорттық шара. Жарыс жас балуандардың өзара тәжірибе алмасуына, шеберліктерін шыңдауына және елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді.

Турнирден кейін ашық аспан астында гала концерт өткен. Сахнада Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаевамен қатар, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya өнер көрсеткен. Кеш соңында Дәулет Тұрлыханов әнші Роза Рымбаеваға көлік тарту етті. Ал әншілер дүйім жұртшылыққа әннен шашу шашты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button