Жаңалықтар
Әлемде мұнай бағасы тағы көтерілді

БАӘ-нің атом электр станциясына жасалған ұшқышсыз ұшақ шабуылынан соң мұнай бағасы күрт өсті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
БАҚ МӘЛІМЕТІ
ice.com сайты Астана уақытымен сағат 7:32-де Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 111,28 долларды құрағанын жазды.
Мәлім болғандай, америкалық West Texas Intermediate мұнайының бағасы 4 мамырдан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 1,84 долларға қымбаттаған.
САРАПШЫЛАР ПІКІРІ
Ормуз бұғазындағы кемелерге жасалатын шабуылдарды тоқтататын бейбіт келісімге келу үміті сөнгендіктен, өткен аптада екі келісімшарттың да бағасы 7 пайыздан астам өсті.
Сарапшылар мұнай құнының жаңа өсіміне АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздің тығырыққа тірелуі, БАӘ-дегі АЭС-ке жасалған шабуыл себеп болды деп топшылап отыр.