TOP-2Жаңалықтар

Микрокредит бойынша дау туындаса кімге жүгінуге болады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі егер микроқаржы ұйымымен микрокредит бойынша дау туындаса, азаматтар микроқаржы омбудсманына жүгіне алатынын хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Микроқаржы омбудсманы – бұл қарыз алушылар мен МҚҰ-ға ымыралы шешім табуға көмектесетін тәуелсіз тұлға. Омбудсман өтiнiштердi өтеусiз қарайды. Оның шешімі МҚҰ-ның орындауы үшін міндетті. Ағымдағы жылдың басынан бастап 30 сәуірдегі жағдай бойынша микроқаржы омбудсманының кеңсесіне 1 537 өтініш келіп түсті, бұдан басқа, телефон арқылы 1500-ден астам кеңес берілген.

Өтінішті қалай беру керек?

  • ресми сайт арқылы: mfombudsman.kz
  • электронды пошта арқылы: info@mfombudsman.kz
  • кеңседе жеке өзі: Алматы қ., Мыңбаев көш., 53-ғимарат, 3-қабат, 321 кеңсе.

Қандай құжаттар қажет?

  • омбудсманға жүгіну;
  • қарыз алушының толтырылған сауалнамасы (үлгі сайтта қолжетімді);
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • микрокредит шарты, өтеу кестесі, қосымша келісімдер (бар болған жағдайда);
  • микроқаржы ұйымына немесе талап ету құқығы берілген тұлғаға өтініш беру және олардың жауаптары (бар болған жағдайда);
  • дербес деректерді өңдеуге және кредиттік есепті алуға келісім.

Микроқаржы омбудсманының байланыс нөмірлері:

+7 (727) 338 22 44

+7 (727) 338 22 25

Еске салайық, Қазақстанда микроқаржы омбудсманы институты 2024 жылдың 21 желтоқсанынан бастап енгізілген болатын.

Қосымша пайдалы материалдарды Fingramota.kz. сайтында алуға болады

Back to top button