Жаңалықтар

Мобилографтар енді мемлекеттен ақша мен жеңілдетілген несие ала алады

Бүгінде шығармашылықпен айналысатын креативті мамандар, оның ішінде мобилографтар да мемлекеттен қолдау ала алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Республика партиясы бастамасымен өткен креативті индустрияны дамытуға арналған кеңейтілген отырыста айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Депутаттың сөзінше, заңнамаға алғаш рет «креативті қызметкер» ұғымы енгізіліп, креативті индустрия субъектілерінің арнайы тізілімі жасалған.

«Алдымен жеке кәсіпкер немесе ЖШС ретінде тіркелу керек. Одан кейін креативті индустрия субъектісі ретінде жұмыс істейсіз. . Сізбен министрлік те, әкімдік те жұмыс істей бастайды. Яғни, креативті азамат ретінде тіркелгеннен кейін қорлардан қолдау алуға, жеңілдетілген немесе қайтарымды несие рәсімдеуге, ірі көрмелерге қатысуға мүмкіндік туады», – дейді Нұргүл Тау.

Депутат бұл 2024 жылдан бері Президенттің тікелей тапсырмасымен көтерілген мәселе екенін атап өтті. Сөзінше, бұл сұрақ шынымен де алға қойылған. Сондықтан алдағы 10 жылда елеулі серпін беруі мүмкін екенін айтты.

 

 

Back to top button