ЖаңалықтарЭкономика

Орташа жалақы неге төмендеп кетті – министрлік өкілі жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев биыл елдегі орташа жалақының төмендеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ВИЦЕ-МИНИСТР ЖАУАБЫ

БАҚ өкілдері Ұлттық статистика бюросы деректерін басшылыққа алып, осы жылдың бірінші тоқсанында орташа жалақы 2025 жылдың соңымен салыстырғанда төмендегенін атап өтті.

Вице-министрдің айтуынша, жалақы деңгейіне түрлі фактор әсер етеді.

«Жалақыға әсер ететін фактор көп. Жұмыс беруші төлейтін өзге де табыстар кейін жалпы кіріс ретінде есепке алынады. Соның ішінде сыйақы мен басқа да төлемдер бар. Бюджеттік кезеңнің енді басталуы да бұған әсер етуі мүмкін», – деді Тұяқбаев.

ЖАЛАҚЫ НЕГЕ ТӨМЕНДЕДІ

Алайда ол орташа жалақының төмендеуінің нақты себебін айта алмады.

«Қазір оның нақты немен байланысты екенін айта алмаймын. Ұлттық статистика бюросы мұны құрылымдық тұрғыда түсіндіріп бере алады. Өткен жылы неге сәл жоғары болғанын түсіндіруге тырысамыз», – деді вице-министр.

Back to top button