ЖаңалықтарҚоғам
Қазақстанда доллар бағамы бірден 3 теңгеге өсті
Ұлттық банкте 13 мамырдағы ресми доллар бағамы 463,91 теңгені құрайды.
Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа тәуліктік бағамы 467,63 теңгені құрады, бұл 3,44 теңгеге өскен көрсеткіш, деп хабарлайды Tizgin.kz.
13 мамырдағы Қазақстан Ұлттық банкінің ресми доллар бағамы 463,91 теңгені құрады.
Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы қазіргі уақытта 468,64 теңгені, ал сатудың орташа бағамы 471,18 теңгені құрайды. Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 466 теңгеден сатып алынып, 473 теңгеден сатылады. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 469,53 теңгеден сатып алынып, 471,64 теңгеден сатылады.