Жаңалықтар
+35 градусқа дейін ыстық болады: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы
Қазгидромет 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклон ықпалында болады. Бұл жақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, сондай-ақ күндізгі ауа температурасы +27…+35 градусқа дейін жоғарылайды.
Республиканың қалған бөлігінде суық антициклон өз әсерін сақтайды. Түнде солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 1-6 градусқа дейін үсік күтіледі. Ал күндіз ауа температурасы +12…+28 градустан +20…+30 градусқа дейін көтеріледі, – делінген Қазгидромет мәліметінде.
Бірқатар облыста қатты жел тұруы мүмкін. Ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.