TOP-2Қоғам

«Барымызды тірісінде бағалауымыз керек»: шулы құттықтаудан кейін Мұқаев сынға жауап берді

Кейінгі күндері депутат Дәулет Мұқаевтың Парламенттің көк папкасымен адресат жасап, әйелін туған күнімен құттықтағаны қызу талқыланып жатыр. Сол үшін желіде депутатқа сын қарша бораған. Бүгін журналистер кулуарда не себепті депутат құттықтаудың осындай жолын таңдағанын өзінен сұрап көрді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бүгін журналистер депутаттан не себепті осылай әйелін құттықтағанын сұрады. Мұқаев бұл шуды «өзіне қарсы тапсырыс» деп те болжайды екен.

“Кейінгі бірнеше күннен бері даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры секілді даудың басы Дәулеттің көк папкасы болып кетті, шыны керек. Бұл – бірінші кезекте ешқандай ресми құттықтау емес. Әлеуметтік желілерде жазылғандай “Парламент атынан” емес, бұл – менің жеке құттықтауым. Байқасаңыздар, әрі-бері өткен әріптестердің (депутаттар) қолында ақ және көк папка бар. Онда өз құжаттарымыз жүреді. Мен не істедім? Өзім дизайнын жасаттым, 5 мың теңгеге распечаткасын төледім де, осы көк қағазбен құттықтадым – болды”, – дейді депутат.

Дәулет Мұқаев Парламент регламентіне сай ешқандай ереже бұзылмағанын айтады. Тек Мәжілістің ресми бланкін рұқсатсыз пайдалануға болмайды.

“Ал мұндай жағдайда бұл папка болып есептеледі. Бұл құттықтау жұмыстан тыс уақытта достарымыздың арасында болған. Парламенттің жалпы отырысында немесе мемлекеттік ғимарат ішінде емес. Әріптестердің құттықтауы немесе қолы да болған жоқ. Соған бола… Туған күн бесі болса, әлеуметтік желіде 9-10 мамырда шулап кетті. Бұл арнайы тапсырыс болды ма, білмеймін”, – дейді ол.

Дәулет Мұқаев өз әлеуметтік парақшасында 99 пайыз пікірлер қолдайтындар екенін айтады. “Біз барымызды бағалау, тірісінде құрметтеу керекпіз” деп түйді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button