TOP-2Жаңалықтар

“Мені продюсер көкем зорлады” деген жігіттің сөзінен кейін “Balapan” арнасы мәлімдеме жасады

Balapan телеарнасы Нұрғали Нұғманның бейнеүндеуіне байланысты ресми мәлімдеме жасады. Нұрғали бұған дейін бала кезінде балалар бағдарламасының продюсері тарапынан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көргенін айтқан болатын, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ресми хабарламада телеарна 2010 жылы 27 қыркүйекте құрылған сәттен бері Balapan штатында ер адамдар ешқашан продюсер қызметін атқармағаны атап өтеді.

“Әлеуметтік желі қолданушысы кейінгі бейнеүндеуінде өзі сипаттаған оқиғалардың «Balapan» телеарнасында болмағанын, оның атауы ұқсас коммерциялық жобамен байланысты екенін нақтылады. Сондай-ақ ол телеарна ұжымынан кешірім сұрады. «Balapan» телеарнасы азаматтарды тек ресми әрі тексерілген ақпаратқа сенуге шақырады”, – делінген телеарна түсініктемесінде.

Нұрғали Нұғман шынымен де екінші рет бейнеүндеу жариялап, онда айтылған оқиғалардың мемлекеттік телеарнаға қатысы жоқ екенін, атауы бірдей коммерциялық жобаға байланысты болғанын нақтылаған.

Алайда Нұғман бала кезінде өзіне қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық болғанын тағы да растады. Ол көкесі актер болуға көмектесе жүріп, бір күні өзіне зорлық жасағанын ашық айтты.

Құзырлы органдар бұл оқиға турасында әзірге ресми түрде пікір білдірген жоқ.

Back to top button