TOP-2Оқиға

«Казцинктегі» жарылыс: тағы бір адам көз жұмды

Аталған компания таратқан мәліметке сәйкес ажал құшқандардар саны 3 адамға жетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

КОМПАНИЯ МӘЛІМЕТІ

Ресми ақпарат компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған.

– «Казцинк» мамырдың 5-і күні Өскемендегі металлургиялық алаңда болған жарылыс кезінде ауыр жарақат алған жұмысшылардың бірінің қайтыс болғанын қайғырып жеткізіп отыр, – делінген ақпаратта.

МӘН-ЖАЙЫ

Енді ажал құшқандар саны үш адамға жетті. Компания өкілдері мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, 5 мамыр күні таңертең зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысы жарылып, кейін өрт шыққан және нысан ішінара құлаған. Одан кейін оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алғаны хабарланды.

Back to top button