Жаңалықтар

ШҚО-да 350 келіге жуық жарылғыш зат тәркіленді – ҰҚК

Алматы, Шымкент қалаларындағы жедел-іздестіру шараларынан бөлек, Шығыс Қазақстаннан да 350 келіге тарта жарылғыш зат тәркіленді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ТАПАНША МЕН ГРАНАТА ТАБЫЛДЫ

ҰҚК мәліметінше, биыл сәуір айында Ұлттық Қауіпсіздік комитеті полиция органдары және прокуратурамен бірлесе ауқымды жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Аталған жұмыс Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыста қарудың заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталды.

Барлығы 63 бірлік, оның ішінде 4 «Калашников» автоматы, 38 мылтық, 20 тапанша, «РШГ-2» реактивті шабуыл гранатомет, сондай-ақ 4 граната және188 оқ-дәрі тәркіленді, – деді ҰҚК баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өнеркәсіптік жарылғыш зат табылып, тәркіленді,

Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген ақпаратта.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Back to top button