TOP-2Жаңалықтар
Пашинян Астанада өтетін ЕАЭО саммитіне келмейді
Пашинян Тоқаевқа Астанада өтетін ЕАЭО саммитіне келмейтінін хабарлады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян 28–29 мамырда Астанада өтетін ЕАЭО саммитіне қатыспайды.
Бұл шешімі туралы ол 1 сәуірде Мәскеуге сапары кезінде Ресей президенті Владимир Путинмен алдын ала сөйлескен. Кейін Армения үкіметінің басшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен де телефон арқылы байланысқан.
«Іс-шараға вице-премьер Мгер Григорян қатысады», — деп премьердің сөзін келтіреді Интерфакс агенттігі.
Пашинян Астанаға барудан бас тартуын Армениядағы парламент сайлауы алдындағы сайлауалды науқанымен түсіндірді. Елдегі парламент сайлауы 7 маусымға белгіленген.