Төлеутай Рахимбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Төлеутай Рахимбеков Facebook парақшасына «Ауыл» партиясынан шығатынын жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«2015 жылдың қыркүйегінен бері, яғни шамамен 11 жыл бойы менің қоғамдық-саяси өмірім «Ауыл» партиясымен байланысты болды», – деп жазды Төлеутай Рахимбеков.
Оның жазуынша, ол осы уақыт ішінде 7 жыл бойы партияның Президиумы мен Саяси кеңесінің мүшесі, ал 5 жылдан астам уақыт партия төрағасының Бірінші орынбасары қызметін атқарған.
«Осы жылдары партия мені 2019 жылғы маусымда өткен Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына, 2021 жылғы қаңтарда және 2023 жылғы наурызда өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына кандидат ретінде ұсынды.
Ұзақ ой елегінен өткізгеннен кейін, мен партияның барлық сайланбалы органдарынан және партия мүшелігінен шығу туралы шешім қабылдадым», – деп жазды ол.
Төлеутай Рахимбеков осыған байланысты 4 мамыр, дүйсенбі күні өз өтінішін жолдаған.