Оқиға

Қырғызстанда Ресейдің пропагандалық концерті өтті: іс-шара қызу пікірталас туғызды

Қырғызстанның Қаракөл қаласында 9 мамыр күні Ресей әртістерінің қатысуымен пропагандалық концерт өтті. Осы іс-шара Қырғызстанның әлеуметтік желілерінде қызу пікірталас туғызды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сахна георгий ленталарымен, бесжұлдызды таңбамен және Z әрпімен безендірілген. Концертте «Любэ» тобы, Николай Басков және «Блестящие» тобы өнер көрсетті. Қаракөл қаласының мэрі Талантбек Иманов қысқаша құттықтау сөз сөйлеген.

«Кеше Қырғызстанның Қаракөл қаласында ресейлік әртістер концерт қойды. Бірақ осы шараға алдын ала ерекше дайындалып, оны белсенді түрде насихаттаған қала мэрі неге соғыс насихатын байқамады? Әлде әдейі байқамаған кейіп танытты ма? Президентіміз Қырғызстанның бейтарап ұстанымда екенін және Украинадағы соғысқа араласпайтынын нақты әрі ашық айтты ғой. Ендеше бұл не? Мэрдің аңғалдығы ма, әлде бүркемеленген арандату ма? Әлде бейтарап позицияға нақты баға беретін уақыт келді ме?» – деп Бішкек қалалық ІІББ баспасөз қызметінің бұрынғы жетекшісі Улан Жұмақов Threads желісінде жазды.

«Қалай ойлайсыздар, Садыр Жапаров бұған рұқсат берді ме, әлде тағы да “президентті ыңғайсыз жағдайға қалдырды” ма?» – деген ұқсас сауал қойды журналист Махинур Ниязова.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 9 мамыр күні Бішкекте өткен реквием-митиңде өйлеген сөзінде Екінші дүниежүзілік соғыстың сабағы толық меңгерілмегенін айтқан еді. «Әлемнің түрлі елдерінде болып жатқан соғыстарға үш триллион доллардан астам қаражат жұмсалуда. Егер осы қаржы адамзаттың өмірін жақсартуға бағытталса, әлдеқайда тиімді болар еді» деді ол.

 

Back to top button