«Бұларың қалай»: Байтоқ “Аманаттан” “Әділет” партиясына өткендерді сынға алды
“Республика-Аймақ-Даму” қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ “Аманат” партиясынан “Әділет” партиясына өтіп жатқандарды сынға алып, бұл әрекеттерін түсіндіруді талап етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Байтоқ «Әділет» партиясы бюросының басым бөлігі – бұрынғы «Amanat» партиясының мүшелері екенін атап өтеді.
“Қатардағы партия мүшелеріне қойылар сұрақ аз шығар, алайда дәл осы азаматтар не себепті «Amanat»-тан шыққанын және «Әділеттің» несімен артық екенін түсіндіруі тиіс. Әйтпесе, кешірерсіз, мұндай «конъюнктуралық ауысуды» қарапайым тілмен айтқанда «аяқкиімін ауыстыра салу» деп қабылдауға болады”, – дейді ол.
Қоғам өкілінің сөзінше, бұл адамдар ұзақ уақыт билікке жақын ортада болып, «Amanat»-тың ресурсын пайдаланған, бірақ партия ұстанымдарына шынайы адал болмаған. Қарапайым айтқанда, олар «саяси оппортунистер» дейді ол.
“Тағы бір мәселе: егер жаңа партия қатарына кейін «Amanat» партиялық тізімі арқылы өткен болашақ экс-депутаттар да қосылатын болса, онда бұл тұлғалардың нағыз «саяси икемділігі» деп жұмсартып айтуға ғана келеді. Мен жаңа партиялардың құрылуына қарсы емеспін. Тек бұрын «Amanat» қатарында болып, кейін «Әділетке» өткен азаматтар өздерінің саяси бағытын не үшін өзгерткенін ашық түсіндірсе деймін”, – дейді ол.
2026 жылдың 7 мамырында Астанада “Әділет” саяси партиясының құрылтай съезі өтіп, Айбек Дәдебай партия төрағасы болып сайланған еді. Президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысын сайлау туралы ұсынысты съезге қатысқан 1000-ға жуық делегат бірауыздан қолдап, дауыс берген.
Жаңа партияның саяси кеңесінің құрамы мынадай:
