Жаңалықтар

«Қазақмысты» сатып алған Артықбаевтың байлығы 500 млн доллардан асты

Кәсіпкер Нұрлан Артықбаев Қазақстандағы ең бай бизнесмендер рейтиңінде біршама ілгеріледі. Ол «Қазақмыс» корпорациясын сатып алған соң Forbes Kazakhstan тізімінде 44-орыннан 21-орынға көтерілді, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

АРТЫҚБАЕВ ҚАШАН БАИИ ТҮСТІ

Артықбаевтың дәулеті қазір 508 млн АҚШ долларға жетіп отыр. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 228 млн доллар деңгейінде болған. «Қазақмыс» ЖШС-ін сатып алуы байлығының айтарлықтай өсуіне негіз болған. Оны сатып алу мәмілесі жасалғанша кәсіпкер құрылыс саласындағы Qazaq Stroy және Exclusive Qurylys топтарының негізін қалаушы әрі ірі акционері болды. Бұл компаниялар 2023 жылы біріктірілген болатын.

Мәміленің нақты құны жарияланған жоқ. Алайда биыл қаңтар айында Bloomberg агенттігі швейцариялық трейдер Mercuria Energy Group Артықбаевқа тиесілі құрылымдарға болашақ өнім жеткізілімі үшін алдын ала төлем (аванс) түрінде 1,2 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру ұсынғанын жазды.

МӘН-ЖАЙЫ

Qazaq Stroy өкілдері мәміле аяқталған соң «Қазақмыс» басқару жүйесінде сабақтастық сақталатынын, сонымен қатар өндірістік қуат пен геологиялық барлау көлемін арттыру жоспарланғанын мәлімдеді.

Компания мәліметінше, «Қазақмыс» тек Қазақстан экономикасы үшін ғана емес, жалпы өнеркәсіптік әлеует үшін де стратегиялық маңызға ие.

Сонымен қатар Артықбаев өз бизнесін өзге салаларда да кеңейтуді жалғастыруда. 2026 жылдың басында оның Qazaq Stroy Properties компаниясы «Ақтөбе» футбол клубын 364 млн теңгеге сатып алып, оның жалғыз иесіне айналды.

Back to top button