Жаңалықтар

Қытай билігі елдің бұрынғы екі қорғаныс министрін өлім жазасына кесті

Қытайдың бұрынғы қорғаныс министрлері Вэй Фэнхэ мен Ли Шанфу сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша айыпталып, екі жылға кейінге қалдырылған өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Tizgin.kz

ЖЕРГІЛІКТІ БАҚ НЕ ЖАЗДЫ

Қытайдың «Синьхуа» агенттігі әскери сот тағайындаған екі жылдық кейінге қалдыру іс жүзінде жаза мерзімінің екі жылдан кейін автоматты түрде өмір бойына бас бостандығынан айыруға (шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз) ауыстырылатынын білдіреді. BBC.COM ақпаратынша, бұрынғы министрлердің мүлкі тәркіленді.

Вэй Фэнхэ 2018-2023 жылдары ҚХР Қорғаныс министрі қызметін атқарған. Ли Шанфу оның орнына 2023 жылдың наурызында тағайындалып, қазан айына дейін ғана қызметте болды. Бірақ ол ресми түрде отставкаға кеткенше, шамамен екі ай бұрын, көпшілік назарынан жоғалып кеткен.

МӘН-ЖАЙЫ

Соңғы уақытта Қытай армиясының (ХАӘ) жоғары басшылық құрамында ауқымды кадрлық тазалау жүргізілді. Қытайдағы эмигранттық басылымдар кейбір әскери қолбасшы ҚХР басшысы Си Цзиньпинді биліктен тайдыруға оқталды деген сыбыстар таратқан. Алайда ресми нұсқаға сәйкес, аталған өзгерістер сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында жүзеге асырылған.

Ақпан айында Си Цзиньпин Қытай армиясы «жемқорлықпен күрес жолында революциялық қайта шыңдалудан өтті» деп мәлімдеген.

 

Back to top button