ЖаңалықтарҚоғам
7-9 мамырда елде ауа райы қандай болады
Мереке күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады.

Қазгидромет синоптиктері 7, 8 және 9 мамыр күндері елімізде ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Мереке күндері елдің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін.
7–9 мамыр аралығында батыс өңірлерде, ал 8–9 мамыр күндері солтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі.
Оңтүстік өңірлерде ауа температурасының жоғары болуына байланысты өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады, ал шығыс өңірлерде жаңбыр мен найзағай тек 9 мамырдан бастап күтіледі.
Күндізгі ауа температурасы:
батыста +18…+28°C,
солтүстікте сәл төмендеп +18…+23°C,
орталықта +20…+28°C,
оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +28…+33°C дейін,
шығыста +25…+30°C дейін көтеріледі.