Қоғам

Қазақстанда соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Министрліктің мәліметінше, 1 мамырдағы жағдай бойынша соғысқа ардагерлерінің ай сайынғы жиынтық төлемінің орташа мөлшері (зейнетақыны қоса есептегенде) шамамен 290 мың теңгені құрайды. Ал соғыс жылдары мүгедектік алған азаматтардың орташа төлемі 300 мың теңгеден асады.

«Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Қазақстанда тұратын ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден (10 мың доллардан астам) төленді», – делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, әкімдіктер тарапынан мерекелік төлемдер 32,9 мың адамға берілген. Олардың қатарында соғыс ардагерлері, сондай-ақ Жеңіске үлес қосқан өзге де азаматтар бар.

Ведомство өкілдері ардагерлерге қосымша бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетінін атап өтті. Атап айтқанда, оларға тегін санаторий-курорттық ем ұсынылады, мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары қарастырылған.

Бұдан бөлек, жергілікті әкімдіктер де ардагерлерге қосымша қолдау көрсетеді. Оның ішінде үй жөндеуге көмектесу, дәрі-дәрмекпен, отынмен және азық-түлікпен қамтамасыз ету бар.

Еске салсақ, Еңбек министрлігінің дерегіне сәйкес, қазіргі таңда елде 57 соғыс ардагері қалған.

Back to top button