TOP-2ЖаңалықтарҚоғам

Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімі: үш бап бойынша іс қозғалды

Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов  Мәжіліс кулуарында Алматыда жаппай төбелес салдарынан көз жұмған жасөспірімді бопсалады деген пікірге жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ІІМ өкіліне Tizgin.kz тілшісі «Жақында Алматыдағы жаппай төбелес салдарынан 2 жасөспірім қайтыс болды. Соның мән-жайы қалай болды?» деген сұрақ қойды.

«Тағы да айта кетейін, қазір нақты ақпарат бере алмаймын. Негізі 3 қылмыстық іс қозғалғанын айта кетейін. Оның ішінде «Бұзақылық», «Қасақана адам өлтіру» фактісі бар. Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ал бопсалау бойынша ақпаратты тергеу барысында толық тексеріп, құқықтық баға береміз»

Еске сала кетсек, оқиға компьютерлік клуб маңында болған. Шамамен он шақты адамның қатысуымен болған жанжал пышақ сілтесуге ұласып, салдарынан екі жасөспірім ауыр жарақат алып, көз жұмған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Ал жасөспірімнің әпкесі күдіктінің бірі бауырынан үнемі ақша бопсалап отырғанын айтты.

Back to top button