ЖаңалықтарОқиға

Зауытта жарылыс болды: Мемлекет басшысы Си Цзиньпинге көңіл айтты

Президент жақындарынан айырылған отбасыларға сабыр тіледі.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

Президент жақындарынан айырылған отбасыларға сабыр, ал жарақат алған адамдардың сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

Back to top button