Без рубрики

Президент көмекшісі болған Байбазаров «Самұрық-Қазына» қорының топ-менеджері атанды

Бұрынғы министр, қазір Президент көмекшісі болып жүрген Нұрлан Байбазаров ресми түрде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

КЕҢЕС ҚҰРАМЫНДА СЕГІЗ АДАМ БАР

Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған құжатқа сәйкес, Байбазаров директорлар кеңесі мүшесі болып бекітілді. Қазір «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінде сегіз адам бар. Оның құрамында Премьер-министр Олжас Бектенов, қор басшысы Нұрлан Жақыпов, бірқатар тәуелсіз директор, сондай-ақ Samruk-Kazyna Artificial Intelligence атты директорлар кеңесінің цифрлық мүшесі бар.

МӘН-ЖАЙЫ

Байбазаров бұған дейін де қор басшылығы құрамында болған. 2024 жылдың күзінде ол Үкіметке ауысуына байланысты директорлар кеңесінен шығарылған болатын. Оған дейін ол Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған. Биыл наурыз айында Нұрлан Байбазаров Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

Back to top button