TOP-2Геосаясат

Армения енді Ресейдің қамқорлығына мұқтаж емес – Макрон

Армения енді Ресейдің қамқорлығына мұқтаж емес, деп мәлімдеді Франция президенті Эммануэль Макрон «Ереван диалогы» форумында.

Франция президенті Ресейдің Арменияға қарым-қатынасын «бұл көпшілігіміз елестеткен қамқорлық емес» екенін айтты.

«Армения батыл түрде Еуропаға қарай қадам басып, әрдайым еуропалық отбасының толыққанды мүшесі болғысы келеді», – деп атап өтті Франция президенті Эммануэль Макрон.

Сондай-ақ Эммануэль Макрон өз қолдауын Арменияның қазіргі премьер-министрі Никол Пашинян үшін парламенттік сайлауға араласу деп есептемейтінін қосты. Аталған сайлау республикада 7 маусымда өтеді.

Back to top button