ЖаңалықтарҚоғам

5 миллион теңге: БҚО-да ардагерлерге біржолғы көмек көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Биыл Жеңіс күні қарсаңында өңірдегі ардагерлерге 5 миллион теңгеден (10 мың АҚШ долларынан аса) қаржылай төлем берілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бастама – ел үшін жанын қиған жандарға деген ерекше құрмет пен алғыстың белгісі.

«Қазіргі таңда көзі тірі соғыс ардагерлерінің қатары сиреп бара жатқандықтан, оларға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекет пен қоғамның басты міндеттерінің бірі», – деп жазылған хабарламада.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, барлық төлемдер уақытылы аударылған. Мұндай қолдау шаралары ардагерлердің тұрмыс жағдайын жақсартумен қатар, олардың ерлігін ұлықтауға бағытталған.

Айта кетейік, Жеңіс мерекесіне орай еліміздің әр өңірінде ардагерлерге түрлі әлеуметтік көмектер көрсетіліп келеді. Бұл – ұрпақтың аға буын алдындағы парызы мен құрметінің көрінісі. Сонымен қатар, ардагерлер үшін санаторий-курорттық емдеу қарастырылған. Бұл мақсаттарға арналған шығындар өңірдің жергілікті бюджеттерінде көзделген.

Back to top button