Жаңалықтар

Президент әкімшілігінен кеткен Айбек Дәдебай қандай қызметке барады

Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Президент әкімшілігінен кеткен Айбек Дәдебай қандай қызметке баратыны турасында ақпарат таратты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді. Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады”, – делінген хабарламада.

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды. Оның орнына Роман Васильевич Скляр Қазақстан тағайындалды.

Back to top button