TOP-2Жаңалықтар

Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне тағы 50 пәтер сыйлады

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының ұзақ жыл еңбек еткен қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті. Бұл шешім зауыттың 50 жылдығына орай қабылданған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Алагөзовтың сөзінше, жаңа баспаналар кәсіпорында ондаған жыл бойы еңбек еткен қызметкерлерге берілген. Олардың кейбірі зауытта 40–50 жылға жуық жұмыс істеген.

Салтанатты шара барысында Алагөзов қызметкерлерді құттықтап, өзінің өмір жолындағы қиын кезеңдерді еске алды.

«Кезінде кәсібімнен айырылып, айлыққа күнелткен кездер болды. Ипотекадағы пәтерімнен айырылып қалам ба деп қорыққан сәттерім де бар. Сол уақытта, егер қайта аяққа тұрсам, адамдарға көмектесемін деп өзіме уәде берген едім», – деді кәсіпкер.

Оның айтуынша, бұл бастама – сол уәденің бір көрінісі.

«Сіздердің ертеңге деген сенімдеріңіз болса екен деймін. Сондықтан осы пәтерлерді сыйға беріп отырмын», – деді ол.

Айта кетейік, Шымкент сыра зауыты 2024 жылы Тұрсын Алагөзовтің иелігіне өткен. Бұған дейін кәсіпорын «Шымкент сыра қайнату зауыты» ЖШС ретінде белгілі болып, Тоқтар Төлешовке тиесілі болған.

https://www.instagram.com/reel/DX6c4SbIp7S/?igsh=MXNiaTd4NW53a215Zg==

Back to top button