Жаңалықтар

“Че там, қалайсыңдар”: Вьетнамда ұсталды деген Қайсар Қамза желіде пайда болды

Желіде көрінбей кеткен блогер Қайсар Қамза видео түсіріп, ешкім өзін ұстамағанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Че там, қалайсыңдар!? Ассалаумағалейкүм, ағайындар! Көрінбей, жоғалып кеттіңдер десең иә? Вьетнамда сол, экстрадация сот па бірдеңе болып жатыр. Ешкім кеп, қамап, соттап жатқан жшқ. Просто, миграция жағынан паспортымды алып қойды. Дұғада бодыңыздар, жақсы күндерде жолығайық”, – дейді блогер.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) блогер Қамза Қайсар Бақытжанұлы Вьетнамда ұсталғанын хабарлаған еді. 

Полицияның мәліметінше, ол әлеуметтік желілерде онлайн-казинолардың жарнамалық бейнематериалдарын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан.

Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқан. Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған.

Back to top button