Нұрай Серікбай ісі: күдіктіге жүргізілген сараптама нәтижесі қандай
Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдікті сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша есі дұрыс деп танылды. Бұл туралы Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оның сөзінше, күдікті енді заң алдында толық жауап береді. Тергеу амалдары аяқталу сатысына жеткен.
«Сараптама нәтижесі алынды. Күдікті есі дұрыс деп танылды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді Әділов.
Айта кетейік, бұған дейін күдіктінің психикалық орталыққа ауыстырылғаны жайлы ақпарат тараған еді.
Еске салсақ, 11 қаңтар күні Шымкент қаласының тұрғыны Нұрай Серікбай көптеген пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмысқа дейін күдіктінің оған қоқан-лоқы көрсетіп, соңына түскені хабарланған.