Жаңалықтар

Қазақстанда саны жағынан қай ұлттар басым

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай саны жағынан елдегі ең көп этностар туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

30 сәуірдегі мәліметке сәйкес, Қазақстан аумағында 20,5 миллионнан астам адам тұрады.

“Бір шаңырақ астында түрлі ұлт пен этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. 1 наурыздағы жағдай бойынша елімізде 20 532 240 адам бар, олардың әрқайсысы осы бірліктің бір бөлшегі”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Елдегі ең көп этностар:

  • Қазақтар – 14 664 202
  • Орыстар – 2 943 022
  • Өзбектер – 695 557
  • Украиндар – 367 547
  • Ұйғырлар – 309 164
  • Немістер – 222 890
  • Татарлар – 218 361
  • Әзірбайжандар – 157 568
  • Кәрістер – 120 821

Сонымен қатар, түркітердің саны – 93 234, дүнгендер – 88 165, беларусьтар – 73 788, тәжіктер – 61 307, күрдтер – 52 077, қырғыздар – 41 459.  Бюро мәліметінше, қазақтардың ең көп бөлігі Түркістан облысында тұрады – шамамен 1,6 миллион адам. Орыстардың ең көбі Алматы қаласында (428 мың), өзбектердің басым бөлігі Түркістан облысында (404 мың), украиндар Қостанай облысында (83 мың), ал ұйғырлардың көпшілігі Алматы қаласында (124 мың) шоғырланған.

 

Back to top button