Әлеуметтік желіде бір топ жігіттің бір-біріне пышақ сермеп, төбелесіп жүрген видеосы тараған. Көп өтпей оқиғаның Павлодарда болғаны анықталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ұзын пышағы бар бір жігіттің екіншісіне тап бергені көрінеді. Бір жақсысы, төбелес кезінде ешкім зардап шекпеген сыңайлы. Пышағы бардан бұғып үлгерген жігіт, оның маңайында жүрген адамдардың бәрі видеоға түсіп қалған.
Полицияның мәліметінше, оқиға ішімдік ішкен жігіттердің арасында болған. Төбелес кезінде ешкім зардап шекпепті. Төбелескендердің бәрі де ұсталып, полицияға жеткізілген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір істің мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.