Жаңалықтар

Әскерден соң тегін оқитын қазақстандықтар тізімі жарияланды

Мерзімді әскери қызмет өткергендерге арналған білім беру гранттары иегерлерінің тізімі Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Tizgin.kz

Іріктеу «Сарбаз 2.0» цифрлық жүйесі арқылы жүргізілді. Осыған сәйкес биылғы сәуірде запасқа шығарылған 1000-нан астам қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Екі жыл бұрын іске қосылып, заңнамалық тұрғыда бекітілген жоба ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша түсуге мүмкіндік береді. Жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер жатақханамен және стипендиямен қамтамасыз етіледі.

Гранттардың бөлінуі:

  • Қорғаныс министрлігі 492
  • Ұлттық ұлан 493
  • ҰҚК Шекара қызметі 112
  • ТЖМ 28
  • Мемлекеттік күзет қызметі 29

Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі мына сілтеме арқылы өтіп білуге болады.

Back to top button