TOP-2Білім

Аймағамбетов балабақша мен колледж ұжымдары үшін қуанышты жаңалықты айтты

Мәжіліс бүгін әкімшілік кодекске педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістерді енгізетін заң жобасын қарады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Құжат бойынша, енді мектеп мұғалімдерін ғана емес, балабақша қызметкерлері мен колледж оқытушыларын да міндетінен тыс жұмысқа тартуға тыйым салынады.

«Бізде мұғалімдерді өз міндетіне жатпайтын жұмысқа тартқандарға жауапкершілік бар. Бірақ ол жерде тек «орта білім беру ұйымдарының қызметкерлерін» деп тұр. Сондықтан, біз қазір мектепке дейінгі, яғни балабақшалар мен колледжжер деңгейін де қосып жатырмыз. Осы заң жобасынан кейін балабақша қызметкерлері мен колледж оқытушылары тиісті қорғауға алынады. Ол да үлкен қолдау», – дейді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button