Бүгін Астанаға Лавров келеді
«Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» ҚҚ директорының орынбасары Марат Шибұтовтың RTVI-ге берген сұхбатында Сергей Лавров алдағы мамырда Қазақстанға жоспарланып отырған Путин сапарын дайындайтыны айтылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
МАМЫРДА ПУТИН КЕЛЕ МЕ
Rtvi.com мәліметінше, Шибұтов мұндай жағдайларда сыртқы істер министрінің алдын ала сапарға шығуы – қалыпты тәжірибе екенін айтқан.
Ақпан айында Кремльдің баспасөз қызметі Владимир Путиннің мамыр айының соңында Қазақстанға атізін салып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕАЭО) отырысына қатысатынын хабарлаған болатын.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыған байланысты Ресей Президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Мұндай шақыру ризашылықпен қабылданды», – деп хабарлады Кремльде.
МӘН-ЖАЙЫ
Жалпы, Лавров келген соң екіжақты стратегиялық әріптестік пен одақтастықты нығайту мәселелері қаралатын көрінеді. Қос тарап сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылды талқылайды.