Алагөзова өнер иелерін қолдаудың үлгісін көрсетіп отыр – депутат Зайыт
Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт продюсер Баян Алагөзованың камзол дауынан кейін жасаған үндеуін қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Күні кеше продюсер Баян Алагөзова актриса Меруерт Өтекешоваға өмір бойы айына 1 млн теңге беретінін мәлімдеді. Сонымен бірге меценаттар өнер иелеріне көместесуге үндеді. Үндеуін қолдайсыз ба? Меценаттар өнер иелерін қалай қолдауы керек деп ойлайсыз? Мәжіліс кулуарында Осы сұрақты Tizgin.kz тілшісі Ринат Зайытқа қойды.
Депутат сахнадан алыстаған өнер иелерінің жағдайы мәз емес екенін айтып, мұны жақсы үрдіс деп атады.
«Әрине, қолдаған дұрыс. Өнер адамдары сахнадан сәл алыстаған кезде жағдайы мәз болмайды. Бұл жақсы үрдіс. Баян Алагөзова үлгісін көрсетіп отыр», – деді Ринат Зайыт.
Еске салсақ, кеше продюсер Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміндегі қамзолға байланысты тағы мәлімдеме жасады. Ол Меруерт Өтекешоваға өмір бойы айына 1 млн теңгеден беретінін мәлімдеген еді.
Сондай-ақ Баян Алагөзова «жыр болған» қамзол (кезінде «Қыз Жібек» фильмінде актриса Меруерт Өтекешова киген) өзіне сый ретінде берілгенін тағы еске салып, бірақ оның келешек қайда болатынын «адамдар мен мемлекеттік органдар» шешетінін айтты.