Жаңалықтар

ШҚО-да сотталған Жақсылық Омардың лауазымы әлі бос тұр

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омар сыбайлас жемқорлық үшін алты жылға сотталған соң үкімге шағым түсірген. Ал әкімдікте әлі күнге дейін оның орынбасары тағайындалмады, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ОМАРДЫҢ ОРНЫН КІМ БАСАДЫ?

Редакция ШҚО әкімі аппаратына хабарласып, айыптау үкімінен кейін өңір әкімінің бірінші орынбасары кім болғанын білді. Ведомстводағылар әкімнің бірінші орынбасары лауазымы әлі де бос емес екенін түсіндірді.

“Бұл позицияның біржола босатылғанын растайтын заңды күшіне енген сот актісі болмағандықтан, жаңа тұлғаны тағайындау үшін құқықтық негіздер жоқ”, – деп хабарлады әкімдік.

“ЖАҚЫН АРАДА АУЫС-ТҮЙІС БОЛМАЙДЫ”

Әкімдік өкілдері жаңа тағайындау мәселесі “барлық қажетті заңды процедура” аяқталған соң ғана қаралатынын айтты.

Қазір Омардың міндеттерін басқа қызметкерлер атқарып жатыр. Әкім аппараты оның қарамағындағы мәселелер мен бағыттарды облыс әкімінің орынбасарлары – Бақытжан Байахметов, Дархан Сапанов және Ербол Нұрғалиевтің арасында бөліп берген.

“Жақын арада кадрлық ауыс-түйістер туралы арнайы шешімдер қабылдау жоспарда жоқ”, – делінген әкімдіктің жауабында.

МӘН-ЖАЙЫ

Айта кетейік, жыл басында телеграм-арналарда Жақсылық Омардың ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Кейінірек Ұлттық қауіпсіздік қызметі оның ұсталғанын растап, сотта ол өзіне тағылған айыптарды мойындады.

Back to top button