ЖаңалықтарТергеу

Қызылордада сәбиін 1 млн теңгеге сатпақ болған әйел қамалды

Баласын сатқысы келген әйелге көместескен адам да ұсталды

ІІМ сәуір айында ел аумағында ІІМ тарапынан кезекті ауқымды “STOP трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілгенін хабарлайды, деп жазады Tizgin.kz.

Іс-шара нәтижесінде адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркеліп, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 9 дерек анықталған.

“Қызылорда облысында жаңа туған сәбиді сату схемасы әшкереленді. Анықталғандай, 25 жастағы әйел бала туғанға дейін және туғаннан кейін мамандандырылған қоғамдық қорда тұрған. Оның баладан бас тартуына байланысты қор жетекшісі делдал ретінде әрекет етіп, сәбиді асырап алу мақсатында облыстың 50 жастағы тұрғынына бір миллион теңгеге сатуды ұсынған. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Адам саудасына қатысты басқа да істер тіркелген. Алматы қаласында қылмыстық мақсатта пайдалану үшін адам саудасымен айналысқан ұйымдасқан топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды іздеп тауып, олардың жалған оң несие тарихын қалыптастырып, кейін сол адамдардың атына Алматы және Шымкент қалаларында қымбат автокөліктер рәсімдеп, одан әрі сатуға бағытталған. Қазір негізгі ұйымдастырушылар ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр.

Back to top button