Жаңалықтар

Түркістан облысында сегіз жастағы баланы зорлады деген күдікпен туысы тергеліп жатыр

Түркістан облыстық полиция департаменті балаға қатысты болуы мүмкін зорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Полицияға сегіз жастағы баланың анасы арызданған. Өңірлік полицияның мәліметінше, ол бұл іске өзінің туысын күдікті деп отыр.

«Отырар ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған ұлына қатысты заңға қайшы әрекеттер болуы мүмкін деген арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Алғашқы тергеу шараларының қорытындысы бойынша мамандар дене жарақаттарын анықтаған жоқ», — делінген хабарламада.

Полиция департаменті қазір істің мән-жайы анықталып жатқанын, қосымша сараптамалар тағайындалғанын қосты.

Back to top button